Ауыр атлетика: Қызылордалық Ерасыл Сәулебеков — Азия чемпионы
Астана қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында жерлесіміз, Қазақстан жастар құрамасының өкілі, екі дүркін Әлем чемпионы Ерасыл Сәулебеков 88 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанды, деп жазады Қармақшы ауданы әкімдігі әлеуметтік желідегі парақшасында.
«Батыр спортшымыз қоссайыс қорытындысы бойынша 344 (153+191) келі жинақтап, жарыста топ жарды» делінген жазбада.
Фото: Қармақшы ауданы