ҰБТ тапсырған 210 талапкердің 34 пайызы шекті балды жинай алмады деп хабарлайды fastnews.kz сайты.

2025 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) 210 мыңға жуық талапкер қатысты. Олардың шамамен 76,5%-ы тестілеуді қазақ тілінде тапсырса, 23,5%-ы – орыс тілінде, ал 149 талапкер ағылшын тілінде сынақтан өтті.

Бас-аяғы талапкерлер 381 мың рет тест тапсырды.

Тестілеу қорытындылары бойынша 161 мыңнан астам талапкер шекті балл жинап, бұл көрсеткіш жалпы қатысушылар санының 76%-ын құрады. Бес пән бойынша орташа балл – 69.

ҰБТ-ның ең жоғары нәтижесі – 140 балл. Бұл көрсеткішке Түркістан облысының түлегі Әбілхан Жәнібек тестілеудің алғашқы аптасында қол жеткізді. Сонымен қатар, 598 талапкер 130 балдан жоғары нәтиже көрсетті.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *