Білім гранты конкурсына өтініш қабылдау басталды
Білім грантына үміткерлер конкурсқа құжаттарып тапсыра алады деп хабарлайды fastnews.kz сайты.
2025 жылғы 13–20 шілде аралығында талапкерлерден жоғары оқу орындарына білім беру гранттары конкурсына қатысу үшін өтініш қабылдау жүргізілуде. Өтініштерді электронды үкіметтің egov.kz порталы арқылы онлайн немесе кез келген жақын орналасқан ЖОО-ның қабылдау орталықтары арқылы тапсыруға болады.
Құжаттар тізімі:
Грант конкурсына қатысу үшін талапкерлер келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
-
жеке куәлік;
-
ҰБТ сертификаты;
-
3×4 көлеміндегі фото;
-
орта білім туралы аттестат (немесе колледж түлектері үшін диплом);
-
жеңілдік санатына жататындар үшін растайтын құжаттар (квота алу мақсатында).
ҰБТ-ның шекті баллдары:
Грантқа және ақылы оқуға түсу үшін талапкерлер келесі шекті баллдарды жинауы тиіс:
-
«Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» – кемінде 75 балл;
-
«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» – кемінде 70 балл;
-
Ұлттық жоғары оқу орындарына – кемінде 65 балл;
-
Басқа ЖОО-ларға – кемінде 50 балл;
-
Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетіне – кемінде 50 балл.
Айта кетейік, жоғары оқу орындары ақылы негізде оқуға қабылдау үшін өз шекті баллдарын дербес белгілеуге құқылы.
Әлеуметтік қолдау шаралары:
Ауылдық жерден шыққан және әлеуметтік осал санатқа жататын талапкерлер үшін мемлекет тарапынан бекітілген арнайы квоталар қарастырылған. Бұл шаралар білім алуда тең мүмкіндік ұсынуға бағытталған.
Цифрлық форматтағы қабылдау:
2025 жылы «Цифрлық университет» қағидаты негізінде қабылдау үдерісі автоматтандырылған. Бұл жаңашылдық конкурстық іріктеу процесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етеді.
Нәтижелер қашан шығады?
Білім беру гранты иегерлерінің тізімі 2025 жылғы 10 тамызға дейін жарияланады.