10 мыңнан астам талапкер білім гранты конкурсына қатысу үшін құжаттар тапсырды
13 шілдеде білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау кампаниясы басталды, ол 20 шілдеге дейін жүргізіледі. Бұл жайлы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бірінші күннің қорытындысы бойынша 10 мыңнан астам талапкер грант конкурсына қатысуға ниет білдіріп, өтініштерін жіберді. Ең көп өтініш «Педагогикалық ғылымдар» және «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» бағыттарына берілді