Қазгидромет: Бірқатар өңірде найзағай ойнап, жаңбыр жауады
Бүгін еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда ауа райы құбылмалы болады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.
Қазгидромет мәліметіне сәйкес, термометр күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Жамбыл облыстарында, Жетісу облысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында 35-39 градусты, Түркістан облысында 40, ал Маңғыстау облысында 38-41 градус ыстықты көрсетеді.
Мамандар тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын қаперде ұстауға кеңес береді.

фото ашық дереккөзден алынды