Амантай қажының үстінен қылмыстық іс қозғалды
Амантай қажы атымен танылған Амантай Асылбектің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол 76 жастағы әйелді баспалдақтан итеріп жіберген көрінеді. Бұл жайлы Алматы полиция департаменті хабарлады.
Зардап шеккен әйелдің қызының айтуынша, әйел ауыр жарақат алған — жамбас сүйектері сынған және көп қан жоғалтқан. Ол 13 күн ауруханада ем қабылдап, қазіргі уақытта үйінде емін жалғастыруда.
Айтайық, күдікті бірнеше жыл бұрын ел президенттігіне өзін ұсынған еді.
Қазір осы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.