Қаржы пирамидасын құрып, аса ірі көлемде ақша жымқырғандар ұсталды. Бұл жайлы ҚМА Шымкент бойынша департаментінің баспасөз қызметір хабарлады. Осылайша «ҚазМұнайГаз Инвест» қаржы пирамидасының заңсыз қызметін тоқтатылды.

«Ұйымдастырушылар «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының акцияларын сатып алу арқылы мол және жылдам табыс табуға уәде берген. Күдіктілер салымшыларға әр 15 күн сайын 50 пайыз кіріс түсетінін айтып, оларды алдаған. Алайда іс жүзінде ешқандай бағалы қағаздар сатып алынбаған. Төлемдер тек жаңадан тартылған қатысушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылған», — делінген хабарламада.

Әдепкіде жәбірленушілерден  500 мың теңгеден алған. Нәтижесінде шамамен 200 азамат қаржы пирамидасының құрбанына айналып, жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден астам қаржысынан қағылған.

«Заңсыз жолмен алынған кірістерге күдіктілер Түркістан облысында жалпы құны 438 миллион теңгеден асатын мүлік — екі қымбат көлік («Tank 500», «BMW X5″), тұрғын үй және коммерциялық нысан (мейрамхана) сатып алған. Бұл мүліктер тәркілеуден жасыру мақсатында туыстарының атына рәсімделген».

Сот санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды. Күдіктілер қамауға алынып, тергеу басталды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

фото ашық дереккөзден алынды

 

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *