Өйткені шаһарда бүгінге дейін 300 мәрте шөп жану жағдайы тіркелген. Оған күн райының күрт ысуы себеп.
Айтайық, алдағы күндері аймақта ауа температурасы 39 градусқа дейін көтеріледі. Мұндай ыстықта құрғақ шөп алқаптары өртке орануы мүмкін. Дегенмен, құзырлылар қол қусырып отырған жоқ. Қазіргі таңда 104 шақырым шабындық шабылды. Шаһар әкімшілігі тұрғындар мен қала қонақтарын қауіпсіздікті қаперде ұстауға шақырды.