«Қазақтың билер мектебі: Майқыдан Абайға дейін» деп аталатын жаңа кітап жарық көрді.

«Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Абай облысы, Абай ауданының әкімшілігі мен Абай-Жидебай қорының сұрауы бойынша үш тілде жарық көріп отыр. Мұнда Абайдың әдет пен ғұрыпты, халықтың өмір сүру салтын зерттей отырып қазақ қоғамына қажетті заңдарды жазып шыққандығы жазылған» деді ҚР Жоғарғы Сотының отставкадағы құрметті судьясы, заңгер, кітап авторы Өмірсерік Қожабаев.

Ал, жаңа кітап жайында «Қазақ тарихи қоғамы» ҚБ Басқарма Төрағасы Радик Теміреалиев: — Бұл тарихи тәжірибе қазіргі қазақстандықтар үшін маңызды практикалық және моральдық мәнге ие. Ұлттың өз күшіне және мүмкіндіктеріне сенбеуі көбінесе дамуға елеулі кедергі келтіретіні жасырын емес. Өз кезегінде, нигилистік көңіл-күй көбінесе өз тарихымен мәдениетіне деген көңіл қалушылықтан туындайды.

Сондықтан қоғамдағы салауатты күштерді шабыттандыра алатын тарихи деректерді өзектендіріп, кеңінен насихаттау аса маңызды. «Қазақтың билер мектебі: Майқыдан Абайға дейін» кітабы бұл ағартушылық миссияны толықтай орындайды, -дейді.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *