Сарапшылар коррозиядан ең жақсы қорғалған 5 қытайлық кроссоверді атады
«Авто.ру» журналының автосарапшылары ресми түрде сатылып жатқан бірнеше қытайлық кроссоверлердің коррозияға қарсы қорғанысын зерттеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тексеру барысында көлік шанағының сыртқы панельдерінде мырыш қабатының (оцинковка) бар-жоғы қарастырылды.
Толық мырышталған жалғыз модель — Haval H7
Зерттеу нәтижесінде Haval H7 барлық сыртқы элементтері – табалдырықтан бастап төбесіне дейін — толықтай мырышталған жалғыз кроссовер болып шықты.
Екінші орында — Knewstar 001
Бұл модельде тек көлік төбесі ғана мырышпен қапталмаған. Басқа элементтері коррозиядан жақсы қорғалған.
Үздік бестікке кірген өзге модельдер:
- Soueast S07
- Geely Atlas
- Chery Tiggo 7L
Аталған үш модельдің де төбесі мен жүксалғыш есік ойықтарында ғана мырыш қабаты жоқ, бұл оларды ылғалды климатта әлсіз ете түсуі мүмкін.
Қолданушыларға кеңес: VIN-код пен заңды тазалықты тексеріңіз
Автомобиль сарапшысы Максим Ракитин бұрын қолданылған көлікті сатып аларда мына кеңестерді ұсынады:
«Біріншіден, көліктің заңды тазалығын тексеріңіз – базалар жеткілікті. Екіншіден, VIN-код пен номерлік агрегаттар (мысалы, шанақ) өзгеріске ұшырамағанын нақтылаңыз. Барлық мәліметтер құжатпен сәйкестігін тексеру қажет», дейді ол.
Фото: Ашық дереккөз