«Авто.ру» журналының автосарапшылары ресми түрде сатылып жатқан бірнеше қытайлық кроссоверлердің коррозияға қарсы қорғанысын зерттеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Тексеру барысында көлік шанағының сыртқы панельдерінде мырыш қабатының (оцинковка) бар-жоғы қарастырылды.

Толық мырышталған жалғыз модель — Haval H7

Зерттеу нәтижесінде Haval H7 барлық сыртқы элементтері – табалдырықтан бастап төбесіне дейін — толықтай мырышталған жалғыз кроссовер болып шықты.

Екінші орында — Knewstar 001

Бұл модельде тек көлік төбесі ғана мырышпен қапталмаған. Басқа элементтері коррозиядан жақсы қорғалған.

Үздік бестікке кірген өзге модельдер:

  • Soueast S07
  • Geely Atlas
  • Chery Tiggo 7L

Аталған үш модельдің де төбесі мен жүксалғыш есік ойықтарында ғана мырыш қабаты жоқ, бұл оларды ылғалды климатта әлсіз ете түсуі мүмкін.

Қолданушыларға кеңес: VIN-код пен заңды тазалықты тексеріңіз

Автомобиль сарапшысы Максим Ракитин бұрын қолданылған көлікті сатып аларда мына кеңестерді ұсынады:

«Біріншіден, көліктің заңды тазалығын тексеріңіз – базалар жеткілікті. Екіншіден, VIN-код пен номерлік агрегаттар (мысалы, шанақ) өзгеріске ұшырамағанын нақтылаңыз. Барлық мәліметтер құжатпен сәйкестігін тексеру қажет», дейді ол.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *