БҰҰ Украинада бейбітшілік орнатуға бағытталған кез келген бастаманы қолдайды. Бұл туралы дүниежүзілік ұйым Бас хатшысының орынбасары Фархан Хак Ресей Федерациясы мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамптың ықтимал кездесуіне қатысты пікір білдіре отырып мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ РиаНовостиге сілтеме жасап.

Не болатынын көрейік. Бірақ, әрине, біз БҰҰ Жарғысы, халықаралық құқық және Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес Украинада бейбітшілікке қол жеткізуге бағытталған барлық күш-жігерді құптаймыз, – деді Хак бейсенбіде өткен брифингте.

Еске сала кетейік, Ресей президенті Владимир Путин сәрсенбі күні Кремльде АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффты қабылдады.

Мәскеу мен Вашингтон алдағы күндері Путин мен Трамптың кездесуі туралы келісімге келді. Қазіргі уақытта бұл келіссөзді нақтылау жұмыстары жүріп жатыр.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *