Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен Ұлттық академиялық кітапханада «Абай жолы» кейіпкерлері және Абай», «Абай. Стихи и поэмы» атты жаңа кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Іс-шараға қоғам қайраткерлері, абайтанушылар, әдебиеттанушылар мен ақын-жазушылар қатысты.

Жазушы Алмахан Мұхаметқалиқызының «Абай жолы» кейіпкерлері және Абай» еңбегі романдағы кейіпкерлердің туыстық, тарихи, рулармен байланысын жүйелі түрде талдай отырып, көркем образдар мен тарихи тұлғалардың байланысын зерделейді. Кітап ұстаздар мен студенттерге және оқушыларға көмекші құрал ретінде ұсынылады.

Сонымен қатар ақын-аудармашы Орынбай Жанайдардың «Абай. Стихи и поэмы» жинағында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының таңдаулы өлеңдері мен поэмалары орыс тілінде ұсынылған. Басылым ұлы ақынның мұрасын көпшілікке насихаттауға бағытталған.

Аталған кітаптар мемлекеттік тапсырыс арқылы 3 мың данамен жарық көрді және республикадағы кітапханаларға таратылады.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінен

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *