30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Шымкент қаласында әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға бір реттік төлем беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қала әкімдігінің мәліметінше, мүгедектігі бар балаларға 19 660 теңге, ал жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 78 640 теңге көлемінде көмек қарастырылған.

Бұл қолдау шарасы аясында Шымкентте тұратын 8 323 ерекше балаға және 673 жетім балаға қаражат аударылады. Төлемдер автоматты түрде жүргізіледі, сондықтан ата-аналар мен қамқоршылардан өтініш беру талап етілмейді.

Айта кетейік, бұл қолдау жыл сайын беріліп, дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Биылғы төлем Конституция күніне орай ұйымдастырылып отыр.

Фото: Артем Чурсинов

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *