«AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Ұлттық мұра» жобасы аясында «15 тамыз — Спорт күніне» орай ұлттық ойындарымыздан сайыс өтті.
Салтанатты шарада партияның қалалық филиалының атқарушы хатшысы Гүлшат Мұсаева: Ұлттық ойындарымызды ұлықтап, оның ауқымын кеңейту бүгінгі ұрпақтың парызы. Ұлттық мұрамызды жаңғыртып, жан-жақты қолдау шараларын партия тарапы да қарқынды іске асыруда. Аймағымызда спорт саласының дамуына барынша қолдау көрсетілуде. Соның негізінде қаламыздың Сол жағалауында 11 мың орындық стадион салынып жатырса, жақын күндері «Қызылорда Арена» кешенінің де құрылысы басталды. Осымен қатарынан екінші рет ұйымдастырылып отырған қалаішілік ұлттық спорт сайысында көргеніме қуаныштымын. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін,-деді.
Спорттық шараға қаламыздың барлық аумағынан 50-ге жуық ниет білдіруші жастар қатысты. Олар гір көтеру, қол күрес және ләңгі тебуден сынға түсті.
Ойын нәтижесінде жеңімпаздарға және төреші, жаттықтырушыларға партия атынан сыйлықтар табысталды.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *