Соңғы 5 жылда 371 спорттық нысан бой көтеріп, қолданысқа берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жыл басынан бері еліміздің 14 өңірінде 32 спорт нысаны пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін тағы 70 нысанның құрылысын аяқтау жоспарланған.

Қолданысқа берілген ең үлкен спорт сарайларының қатарында Ақмола облысындағы спорт кешені бар. Бұл мемлекетке қайтарылған активтер есебінен толық қаржыландырылған елдегі алғашқы спорт нысаны болды. Сондай-ақ, Қызылордада халықаралық стандартпен салынып жатқан сиымдылығы 11 мың орындық стадионы мен Түркістанда ескек есу каналының құрылысы аяқталуға жақын. Ал елордада Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы жаңа стадион 2026 жылы тапсырылады, — деді Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *