Инновациялық серпіліс: ANKOR өнімдері нарыққа шығады
Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының президенті, академик Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов Академия ғалымдарымен бірге Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті мен бизнес-серіктестің бірлескен өндірістік цехына барып, ғылыми әзірлемені коммерцияландыруға арналған гранттық жоба – қатты теңіз шырғанақ майы мен энтеросорбент өндіру технологиясының жүзеге асырылуымен танысты.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің жанындағы «Ғылым қоры» АҚ қолдаған бұл жоба – қазақстандық ғалымдардың көпжылдық зерттеулерінің нәтижесі. Олар қатты теңіз шырғанақ майы мен табиғи энтеросорбент алудың патенттелген технологиясын әзірледі. Фундаменталды ғылыми зерттеулерді инновациялық өндірістік процеске айналдырудың табысты мысалдарының бірі – зерттеу тобы мен отандық бизнес-серіктестердің тығыз ынтымақтастығы болды.
Құрылғалы отырған теңіз шырғанақты терең қайта өңдеу желісі зертханалық тәжірибелерден дайын өнім шығаруға көшуге мүмкіндік берді. Өнімдер ANKOR брендімен нарыққа шықты: қатты теңіз шырғанақ майы Ankor RENOVA және энтеросорбент Ankor DETOX. Бұл өнімдер өсімдік шикізатының бірегей қасиеттеріне негізделген және биотехнология, фармацевтика және салауатты тамақтану салаларындағы отандық ғылымның жоғары деңгейін дәлелдейді.
Ankor RENOVA — антиоксиданттық және радиопротекторлық қасиеттері бар 100% концентрат, ағзаны жылдам қалпына келтіруге және аурулардың алдын алуға ықпал етеді. Ankor DETOX — майсыздандырылған теңіз шырғанақ жемістерінен алынған табиғи энтеросорбент, ол ағзадан токсиндер мен ауыр металдарды тиімді шығарады және функционалды әрі профилактикалық тамақтануда қолданылады.
Академик Б. Жұмағұлов жобаның маңыздылығын атап өтіп, оны одан әрі дамытуға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Ол бұл бастаманың қазақстандық ғылым жетістіктерінің бизнес-серіктестермен ынтымақтастық арқылы ішкі және сыртқы нарықта сұранысқа ие инновациялық шешімдерге айналатынының айқын мысалы екенін атап өтті. Академиктің айтуынша, дәл осындай жобалар ұлттық технологиялық тәуелсіздіктің негізін құрайды және Қазақстанға жоғары экспорттық әлеуеті бар өнімдер жасауға жол ашады.
Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті ғалымдарының ғылыми әзірлемесі ел үшін нақты экономикалық қайтарым беретін жобаға айналды. Зертханалық тәжірибелердің нәтижелерін өнеркәсіптік өндіріске көшіру жоғары қосылған құнды өнім шығаруға және жаңа нарықтық нишаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осылайша, ғылым тек академиялық білім көзі ғана емес, тұрақты экономикалық өсімнің де қайнар көзіне айналады. Инновациялық технологияны енгізу Қазақстанға импорттық баламаларға тәуелділікті азайтуға және отандық өндірушілердің позициясын нығайтуға мүмкіндік береді. Мұндай тәжірибе ғылымды дамытудың ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырумен және экспортқа жаңа мүмкіндіктер ашумен тікелей байланысты екенін растайды.
ҚР ҰИА баспасөз қызметі