Қармақшы ауданында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді, — деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.

2025 жылғы 10–11 қыркүйек күндері Қармақшы ауданында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асып жатқан «Қармақшы ауданы бойынша дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында ақпараттық-түсіндірмелік іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында бірқатар іс-шаралар өткізілді.

 

Аталған жоба аясында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, исламтанушы Жұмаділда Елдос Қуандықұлы Қармақшы ауданының орталық мешіті – «Қармақшы ата» мешітінде жергілікті жамағатпен кездесіп, құптан намазынан кейін уағыз-насихат жүргізді. Кездесу барысында дәстүрлі ислам құндылықтары, қоғамдағы діннің рөлі және діни тұрақтылық туралы мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, Қармақшы ауданындағы Руханият орталығында аудан жастарына арналған ақпараттық кездесу өтті. Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы ашып беріп, қонақты таныстырды. Жоба барысы мен аудан көлемінде атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді. Кездесуде жастарға деструктивті діни ағымдардың белгілері, әлеуметтік желілердегі діни манипуляцияларға қарсы тұру жолдары, сондай-ақ зайырлы қоғамдағы діннің орны, ата-ана мен ұстазға құрмет туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты – діни сауаттылықты арттыру, қоғамда діни тұрақтылықты сақтау, дәстүрлі рухани құндылықтарды насихаттау және теріс діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *