Қызылорда облысында жамағаттар арасында кіші футболдан турнир өтті
Қармақшы ауданында жамағаттар арасында кіші футболдан өткен турнир өтті, — деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.
«Асыл мұра-орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асып жатқан «Қармақшы ауданы бойынша дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында ақпараттық-түсіндірмелік іс-шараларды ұйымдастыру» атты әлеуметтік жоба аясында 2025 жылғы 7 қыркүйек күні Қармақшы ауданы мешіт жамағаттары арасында кіші футболдан турнир өткізілді
Бұл спорттық шара – салауатты өмір салтын насихаттауға, жамағаттар арасындағы ауызбіршілік пен ынтымақтастықты арттыруға бағытталған тәрбиелік мәні зор бастама болды.
Турнирге қатысқан командалар:
Жарысқа Жосалы кенті, Төретам кенті (Ақай ауылын қоса) және Байқоңыр қаласындағы діни бірлестіктердің филиалдарынан келген жеті команда қатысты. Ойын барысында қатысушылар жоғары деңгейдегі ұйымшылдық пен татулықты, спорттық шеберлікті танытты.
Футбол матчтары достық пен түсіністік рухында өтіп, мешіт жамағаттары арасындағы байланысты нығайта түсті. Турнирдің әділ әрі қызықты өтуі үшін арнайы кәсіби төреші шақырылып, ойындар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Алаңдағы атмосфера бауырмалдық пен ынтымақтастыққа толы болды.
Турнир нәтижесі бойынша жеңімпаздар келесідей анықталды:
🥇 І орын – «Қармақшы мешіті» командасы
Бас жүлде: 100 000 теңге
🥈 ІІ орын – «Жәрімбет» командасы
Жүлде: 70 000 теңге
🥉 ІІІ орын – «Ақай» командасы
Жүлде: 50 000 теңге
Жеңімпаз командаларға арнайы кубоктар мен алғыс хаттар табысталды.
Ынталандыру сыйлықтары:
Жарысқа белсенділікпен қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсеткен «Ар-Рахим», «Достық», «ІІІ Интернационал» және «Ақтөбе» командаларына әрқайсысына 20 000 теңгеден ынталандыру сыйлығы беріліп, алғыс хаттар табыс етілді.
Жекелеген номинациялар:
Ойын барысында ерекше көзге түскен спортшылар келесі номинациялар бойынша марапатталды:
⚽ «Үздік шабуылшы»
🧤 «Үздік қақпашы»
⭐ «Үздік ойыншы»
🛡️ «Үздік қорғаушы»
Әр номинация иегеріне 20 000 теңгеден қаржылай сыйлық табысталды.
Бұл турнир – жамағат арасында дене шынықтыру мен спортты дәріптеу арқылы денсаулыққа мән беруді, сонымен қатар бауырмалдық, сыйластық, ынтымақтастық секілді рухани құндылықтарды жандандыруды мақсат еткен игі шара болды.
«Асыл мұра — Орда» қоғамдық қоры алдағы уақытта да осындай тағылымы мол, тәрбиелік маңызы зор іс-шараларды тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.