Сыр өңірі спорт сүйер қауым үшін тамаша жаңалықпен толықты. Қызылордада жаңадан бой көтерген 11 мың орындық заманауи стадион Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) қатаң талаптарына сай келіп, QUALITY PRO санатындағы ең жоғары деңгейдегі сертификатқа ие болды.

ФИФА тарапынан берілетін бұл сертификат жасанды алаң сапасына қойылатын ең жоғарғы стандарттарға сәйкес келетіндігін білдіреді. Енді Қызылорданың жаңа стадионында халықаралық деңгейдегі ресми матчтарды өткізуге толық мүмкіндік бар.

Айта кетейік, аталмыш стадиондағы алғашқы жоғары деңгейдегі ойын 4 қазан күні өтеді. Бұл күні футболсүйер қауым Қазақстан Кубогының финалдық кездесуін тамашалай алады. Шешуші матчта «Ордабасы» мен «Тобыл» командалары бақ сынайды.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *