Көлік министрлігіндегі даудан кейін кадрлық өзгеріс орын алды. 

Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы Алтай Әлі қызметінен босатылды.

Бұл шешім ведомстводағы туыстық байланысқа қатысты дау-дамайдан кейін қабылданды.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде “қарапайым жұмысшы” Ербол Құлымбеттің небәрі бір жарым жыл ішінде Жамбыл облысындағы бөлім басшысы қызметіне тағайындалғаны туралы ақпарат тараған еді. Қолданушылар бұл тағайындауға Алтай Әлінің ықпалы болуы мүмкін деген болжам айтқан.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі кейін Алтай Әлінің әкесі мен Ербол Құлымбеттің анасы туған ағайынды екенін растады. Дегенмен, агенттік мұндай туыстық қатынастар заң бойынша “жақын туыстар” қатарына жатпайтынын мәлімдеді.

Даудан соң Ербол Құлымбет өз еркімен қызметінен кеткен болатын.

Ал бүгін Алтай Әлі жаңа қызметке тағайындалды — ол Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып бекітілді.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *