«Тaza Qazaqstan» road-эстафета аясында Шиеліде қоғамдық қабылдау өтті
«Taza Qazaqstan» Road-эстафетасымен Шиелі ауданында болған ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов және Жарқынбек Амантайұлы, аудан әкімі Айтбай Жандарбековпен Руханият орталығында қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындар өтінішін тыңдады.
Қабылдау барысында тұрғындар инфрақұрылым, әлеуметтік қолдау, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және жер қатынастарына байланысты өзекті мәселелерін көтерді. Халық қалаулылары әрбір сұраққа мұқият назар аударып, тиісті сала мамандарымен бірлесіп шешу жолдарын қарастыруға уәде берді.
Мәселен, Мұрат Әбенов ауыл жастары үшін тұрғын алу мәселесіндегі алғашқы жарна мөлшерін төмендетуге қатысты жастар тарапынан айтылған ұсынысты Парламент қабырғасында қарап, тиісті министрліктермен талықлайтынын жеткізді.
Қабылдауға облыстық, аудандық мәслихаттардағы депутаттық фракция мүшелері де қатысты.