Дастан Сәтбаев әлемдегі ең үздік жас таланттардың тізіміне енді
Қазақстандық футболшы Дастан Сәтбаев әлемдегі ең үздік жас таланттардың тізіміне енді. Бұл жайлы Британиялық басылым «The Guardian» хабарлады. Онда отандасымыздың болашағынан зор үміт күтілетіндігі жазылған.
“Челси қаңтар айында Сатпаевты 4 миллион еуроға сатып алғанына қуану керек, өйткені оның құны айтарлықтай өседі деп күтіледі. Ол жылдамдық пен жоғары техникалық шеберлікті жасына сай келмейтін шешім қабылдау қабілетімен үйлестіре біледі және 2026 жылдың тамызында Стэмфорд Бриджге келгенде Премьер-лигада өзін көрсетуді мақсат тұтады”, – деп жазады The Guardian.