Қызылордалық рухтастар «Ана тағзым» рухани-мәдени орталығына арнайы экскурсия ұйымдастырды
25 қазан – Республика күні қарсаңында «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты белсенділері «Анаға тағзым» рухани-мәдени орталығына арнайы экскурсия ұйымдастырды
Іс-шараның мақсаты — жас ұрпақтың бойында анаға, әйел затына деген құрмет пен ізетті, отансүйгіштік пен тарихи сана-сезімді қалыптастыру. Шараға 50-ге жуық қыз балалар қатысып, орталықтың қызметімен танысып, қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен аналарға деген дәстүрлі құрметі жайында мол мағлұмат алды.
Онда қатысушылар үшін арнайы шеберлік сабақтары, психологиялық тренингтер және танымдық дәрістер ұйымдастырылды.
Кездесу соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, елдік пен бірлікке, ұлттық құндылықтарды сақтау мен насихаттауға шақыратын ойларын ортаға салды.
«Анаға тағзым» орталығы — аймақ басшысының бастамасымен қала орталығында жаңадан бой көтерген ұлттық және заманауи үлгідегі мәдени – әлеуметтік нысан. Орталықтың мақсаты ұлттық құндылықтарды ұрпаққа мирас етіп қалдыру, дәстүрлі мәдениетті жаңғырту. Әйелдер еңбегін дәріптеу және оны өнегелеу. Қазіргі қазақ әйелдерінің рухани келбетін қалыптастыру. Қыз – келіншектерді, аналарды өмірге, тұрмысқа икемдеу, бейімдеу.
Міндеті : Қазақстан тарихында өзіндік ізін қалдырған аналар мен бүгінгі табысты, жетістікті нәзік жандардың өмір және еңбек жолдарын дәріптеу арқылы жас ұрпақтың еңбекке құштарлығын арттыру, іскерлікке, төзімділікке бейімдеу.
«Жастар рухы» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы Асетхан Баймырза: мұндай шаралар елдік мерекелердің мәнін арттырып қана қоймай, жастардың тарихи санасын оятуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.