Аймақтағы патрульдік полиция қызметкерлері аймақтың тыныштығын қамтамасыз ету кезінде 21 қазан күні сағат 00:13 шамасында А. Бөкейхан көшесі 74 үйдің екінші қабаты өртеніп, үй ішінде тұрғындардың бар екендігі жөнінде басқарманың «102» арнасына хабарлама келіп түскен. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері құтқарушылармен бірлесіп, өртке оранған пәтердің ішінде қалып қойған 59 жастағы тұрғынды екінші қабат терезесінен өрт сөндіру қызметкерлерінің баспалдағымен аман-есен алып шығып, алғашқы медициналық көмек көрсетіпті.

Сонымен қатар басқа пәтердегі тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп, оларды сыртқа алып шығып, өрттен оқшаулаған.

«Адамдарды апаттан құтқарып қалу – біздің қызметтік те, азаматтық та парызымыз. Біз сол сәтте ерлік жасайық, көзге түсейік деп ойлаған жоқпыз. Бар мақсатымыз – адамдарға көмектесу» – дейді офицерлер.

Үй тұрғындары өрттен аман алып қалған полицейлерге алғыстарын жеткізді.

Фото: Қызылорда қаласы полиция басқармасы

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *