Әлемдегі ең биік ғимарат Қазақстан туының түсіне бейнеленді
Әлемдегі ең биік ғимарат Қазақстан туының түсіне бейнеленді,- деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.
Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстан Республикасының Республика күніне орай ерекше құрмет көрсетті. Дубайдағы әлемдегі ең биік ғимарат — Бурдж-Халифа қазақстандық тудың көгілдір түсіне боялды.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас консулдығы хабарлады. Консулдықтың мәліметінше, жарық инсталляциясы Қазақстан мен БАӘ арасындағы достық пен ынтымақтастықтың символына айналды.
Айта кетейік, жыл сайын 25 қазанда Қазақстанда Республика күні атап өтіледі — бұл тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуының маңызды кезеңін білдіретін ұлттық мереке.












