Брюссельдегі атақты “Дәрет сындырып тұрған бала” тағы да қазақ шапанын жамылды,- деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты. 

Брюссельдің басты символдарының бірі — Манекен-Пис мүсініне тағы да қазақтың дәстүрлі шапаны жабылды. Шара Бельгия астанасының тарихи орталығында өтіп, Қазақстан мен Бельгия арасындағы достық пен мәдени ынтымақтастықтың белгісіне айналды.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бельгиядағы Елшілігі хабарлады. Елшілік өкілдерінің айтуынша, мұндай бастама екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған.

Айта кетейік, Манекен-Пис мүсіні қазақ шапанын бұрын да жамылған. 2021 жылы, Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Астана күніне орай мүсінге ұлттық киім кигізілген болатын.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *