Елімізде алтын құймаларды сатып алушы көбейді
2025 жылдың үшінші тоқсанында екінші деңгейлі банктерге және айырбастау пункттеріне жалпы салмағы 438,4 келі 8 302 алтын құймасы сатылған.
Қазақстан Ұлттық банкінің хабарлауынша, сатудың негізгі көлемі Алматыда — 5 874 құйма (71%), Астанада — 600 (7%), Қарағанды облысында — 460 (6%) сатылған.
Инвестициялық құймалар Halyk Bank, Еуразиялық Банк, Alatau City Bank, ЦентрКредит Банкі, сондай-ақ бірқатар банктік емес айырбастау пункттері арқылы сатылады.
Реттеушінің мәліметінше, 10 грамдық құймалар ең көп сұранысқа ие, олардың үлесіне жалпы сатылымның 26%-ына (63 740 дана) жетті.
Ұлттық банк инвестициялық алтынға деген қызығушылық тұрақты болып қалатынын, ал халыққа өлшемді құймаларды сату бағдарламасы дамып келе жатқанын атап өтті.
Фото: Ашық дереккөз












