Тараз қаласында осымен сегізінші жыл қатарынан өткен Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив шығармалар байқауының қорытындысы жарияланды. Бұл туралы Жамбыл облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасынан хабарлады.

Байқауды Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен «Заң» медиа-корпорациясы ұйымдастырды. Салтанатты шарада облыс әкімінің орын­басары Серік Сәлемов қаты­сушыларды құттықтады. Сонымен қатар кешке елі­мізге белгілі қаламгерлер, құ­қық қорғау саласының арда­гер­лері, журналистер мен қала тұр­ғындары қатысты.

Биыл байқауға 70-тен ас­там туынды келіп түскен. Ше­шуші кезеңде соның арасынан іріктеліп шыққандарды белгілі журналист, Парламент Сенатының депутаты Нұр­тө­ре Жүсіп жетекшілік еткен қа­зылар алқасы сараптап, үз­діктерді анықтады.

Үздіктер қатарында әріптесіміз де бар. Атап айт­сақ, рес­пуб­ликалық 24.kz телеар­насы және FASTNEWS.KZ ақпараттық сайтының тілшісі Шернияз Жалғасбекұлы осы байқауда ІІІ орын ие­ленді.

Айта кету керек, Кемел Тоқаев атындағы бұл бай­қаудың мақсаты – жас­тардың кітап оқуға қызығушы­лығын арт­тыру, детектив жанрын да­мыту, әдебиет арқылы әділ­дік пен адамгершілік қағидат­тарын насихаттау.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *