Тұрғындар проблемалы қарызының есептен шығарылатыны туралы push-хабарлама алады
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова қазақстандықтардың проблемалық несиелерін проактивті түрде есептен шығару тетігі туралы айтты.
Оның айтуынша, бүгінде барлық азамат заңдағы бар нормалар және өздерінің проблемалық қарыздарын есептен шығару мүмкіндігі туралы біле бермейді.
— Біз проактивті механизм енгізуді жоспарлап отырмыз. Мысалы, азаматтың ұзақ мерзімді қарызы бар және оның несиені өтеуге мүмкіндігі жоқ болса, оған push-хабарлама келеді. Онда ол осы тетік арқылы өз қарызын есептен шығара алатыны көрсетіледі. Осындай проактивті форматты енгізгіміз келеді, — деді агенттік басшысы Мәжілістегі брифингте.
Қазіргі уақытта мұндай push-хабарламалар форматы агенттік пен Қаржы министрлігі бірлесіп әзірлеп жатыр.
Еске салсақ агенттік төрағасы Қазақстанда алаяқтар рәсімдеген несиелер сот шешімінсіз есептен шығарылатны туралы айтқан еді.
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform












