Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті болып тағайындалды,- деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты. 

Бұл – халықаралық спорт федерациясын басқарып отырған алғашқы қазақстандық спортшы. Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлағандай, GGG үш жылдық өкілеттік мерзімін атқарады.

World Boxing – 2023 жылдың сәуірінде құрылған халықаралық бокс федерациясы. Ал 2024 жылдың қыркүйегінде Головкин ұйымның жаңа Олимпиадалық комиссиясының төрағасы ретінде жұмысын бастаған болатын.

Жауапты қызметке кіріскеннен кейінгі сөзінде ол бокстың барлық сатыларынан өткенін айтып, енді спорттың дамуына үлес қосуды мақсат ететінін жеткізді.
«Спортшы болдым, Олимпиадаға қатыстым, әлем чемпионы атандым. Енді спорттық көшбасшы ретінде бокстың болашағы үшін еңбек етемін», – деді Головкин.

фото ашық дереккөзден алынды

Айта кетейік, Геннадий Головкин орта салмақтағы ең мықты боксшылардың бірі саналады. Ол WBA, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулердің иегері. Сондай-ақ GGG қатарынан 23 нокаут жасап, орта салмақтағы ең ұзақ серия авторы ретінде Гиннес рекордтар кітабына енген.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *