Қазақстанда баспана сатып алу Ресей мен Грузиямен салыстырғанда тезірек екені анықталды,- деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.

Жарияланған соңғы есептерге қарағанда, Орталық Азия мемлекеттері, Ресей және Беларусь арасындағы көрсеткіштер ішінде қазақстандықтар пәтерге қажет қаражатты ең қысқа мерзімде жинай алады.

«Геостатистика» телеграм арнасының дерегінше, орташа құны 39,5 млн теңге болатын пәтерге ақша жинау үшін Қазақстанда 7 жыл 8 ай жеткілікті. Бұл зерттелген елдердің ішіндегі ең төмен көрсеткіш.

Салыстырмалы түрде:

  • Грузияда қажетті мерзім — шамамен 10 жыл;

  • Ресейде — 12 жыл 11 ай;

  • Қырғызстанда — 13 жыл 6 ай;

  • Өзбекстанда — 16 жыл 9 ай.

фото ашық дереккөзден алынды

Мамандар есептеуді орташа жалақы және баспана құны арқылы жүргізгенін атап өткен. Алайда нақты табыстан қанша қаржы жинауға болатыны, ипотекалық мүмкіндіктер, инфляция және өзге де әсер етуші факторлар есепке алынбаған.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *