«Қазгидромет» мамандары 24 қарашада елдің бірқатар өңірінде ауа райы күрт нашарлайтынын хабарлады.

Синоптиктердің дерегіне сай, Атырау, Алматы және Түркістан облыстарында тұман түседі. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында қар аралас жаңбыр болжанып, оның соңы көктайғақ пен бұрқасынға айналуы мүмкін.

Көптеген өңірлерде желдің екпіні 15–28 м/с-қа дейін күшейеді.

Астана, Көкшетау, Петропавл, Семей, Өскемен және Павлодар қалаларында да тұман, көктайғақ және жауын-шашын күтілетіні ескертілді.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *