Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы теміржол алмасымы жаңа деңгейге көтерілді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Е. Кенжеханұлы бастаған делегацияның Өзбекстанға жұмыс сапары барысында «Сарыағаш» мемлекетаралық теміржол түйісу пунктінде (МТТП) маңызды келісімдер жасалды.

Ташкент қаласында өткен көпжақты кездесуге Өзбекстан Республикасының Көлік министрі И. Маккамов, Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Қ. Юлдашев, «Узбекистон темир йуллари» басшысы З. Нарзуллаев және Министрлер кабинеті өкілдері қатысты.

Келіссөздердің басты нәтижесі — «Сарыағаш» МТТП арқылы тәуліктік пойыз алмасу көлемін 35 жұпқа дейін арттыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілуі. Бұл шешім екі ел арасындағы жүк тасымалының өткізу қабілетін едәуір кеңейтіп, өңірлік логистиканың маңызды буынына айналмақ.

Сонымен қатар, Өзбекстан тарапы тәулігіне кемінде 10 астық тиелген құрамды және 5 жабық вагондағы азық-түлік тауарларын тұрақты қабылдап отыруға дайын екенін растады.

Кездесу барысында тараптар жүк операциялары мен кірме жолдар қызметінің, уәкілетті органдардың демалыс және мереке күндерін қоса алғанда тәулік бойы жұмыс істеуінің маңызын атап өтті. Бұл шара вагон айналымын жеделдетіп, тасымал тізбегінің тиімділігін арттырады.

Бұдан бөлек, жүк тиеу және түсіру тепе-теңдігін сақтау үшін астық экспортын Өзбекстандағы қабылдаушы кәсіпорындардың бос қуаттарына қарай жоспарлау, сондай-ақ бос вагондардың келісілген айналымын қамтамасыз ету туралы ортақ шешім қабылданды.

Қабылданған келісімдер логистикалық тізбектердің тұрақтылығын нығайтып, Қазақстан астық өнімдерінің Өзбекстанға және Орталық Азия елдеріне уақытылы жеткізілуіне мүмкіндік береді.

Айтайық, осы жылдың 11 айында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жүк айналымы 28,5 млн тоннаны құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4 млн тоннаға немесе 16%-ға артты. Астық тасымалы 32%-ға өсіп, 5,6 млн тоннаға жетті.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *