Полиция қызметкері жұмыс барысында қайтыс болды
Ақмола облысында жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты. Қайғылы оқиға 7 желтоқсанда Астана–Ерейментау-Шідерті автожолында болған.
Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, полиция инспекторын қағып кеткен. Салдарынан полиция аға лейтенанты Асанәлі Аскербеков мерт болды.

Ақмола облыстық ПД аталған факт бойынша тергеу жүргізілетінін хабарлады.












