Бас прокуратура маңызды мәлімдеме жасады
ҚР Бас прокуратурасы алаяқтықтың жаңа түріне қатысты халыққа маңызды мәлімдеме жариялады,- деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.
Онда телеграм әлеуметтік желісінде алаяқтықтың жаңа түрі таралып жатқандағы жызылған.
«Схема бойынша алаяқтар Telegram-да «тегін электрондық кітап» береміз деп, тізім ұсынады. Қажетті кітап сұралғаннан кейін, бот оқу немесе жүктеу орнына «арнайы қосымша» деген атаумен вирустық файл жібереді.
Файлды ашқан жағдайда алаяқтар смартфонды қашықтан басқарып, құпиясөздерге, банк шоттарына, хат алмасулар мен жеке мәліметтерге қол жеткізеді», — делінген хабарламада.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті азаматтарды жеке деректерге мұқият болуға шақырады.













