Сақ болыңыз: Дауылды ескерту жарияланды
Елде дауылды ескерту жарияланды, — деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.
Алматы, Жетісу, Түркістан, Қызылорда облыстары, Алматы қаласында тұман түсіп, боран соғады.
Шығыс Қазақстан облысында –45°С-қа дейін, Абай облысында –41°С, Жетісу облысында –25 –28°С, Алматыда –25°С, Қарағандыда –35°С-қа дейін қатты аяз болады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында қар жауып, боран соғады.
Абай, Ақмола, Жамбыл, Ұлытау, Түркістан, Қызылорда облыстарында жылдамдығы 15–23 м/с-қа дейін қатты жел соғады, — делінген хабарламада.

Фото ашық дереккөзден алынды












