Қазақстанда көлік инфрақұрылымын жаңғырту және кеңейту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.

Теміржол инфрақұрылымы ауқымды дамуда. Қызылжар-Мойынты, Дарбаза-Мақтаарал жаңа теміржол құрылысы жалғасуда. Алтынкөл – Жетіген, Жезқазған-Сексеуіл учаскелер жаңартылуда. Объектілердің құрылысы ағымдағы жылы бітеді. Вокзалдардың реконструкциясы жалғасатын болады, – дейді ол.

Автожолдар бойынша, барлық ірі жобалар қаржыландыру халықаралық қаржы ұйымдары арқылы іске асырылады.

Қызылорда – Жезқазған жобасы. Қалған 208 км учаскеде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. 2026 жылы құрылысы бітеді.

Қызылорда – Ақтөбе. Биыл төрт жолақты автомобиль жолының құрылысын бастаймыз.

Бейнеу – Сексеуіл жобасы. Дайындық жұмыстар басталды. Технико-экономикалық негіздеме әзірленді, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы бар.

Қарағанды-Жезқазған және Сарыағашты айналып өту жолы. Технико-экономикалық негіздеме бар, ағымдағы жылы екінші жартыжылдықта құрылысқа кірісеміз.

Олжас Абайұлы, аталған жобалар және халықаралық стандарттарға сәйкес автомобиль жолдарын жаңғырту мәселелері бойынша үш жылдық жоспарда бар, жұмыстар өткізіліп жатыр, – дейді Сауранбаев.

Фото: Артем Чурсинов

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *