Украина президенті Владимир Зеленский француздық France 2 телеарнасына берген сұхбатында Украина әскерінің шығыны туралы айтты.

Зеленский ресми түрде ұрыс даласында қаза тапқан әскери қызметкерлер саны 55 мың екенін айтты. Бұған қоса, президент Украинада жоғалып кеткен адамдардың да саны көптігін мәлімдеді.

Шетелдік сарапшылардың ойынша, қаза тапқандар саны бұдан да көп болуы мүмкін. Мысалы, қаза тапқан және жоғалып кеткен әскери қызметкерлердің аты-жөнін жинақтайтын UALosses атты анонимді жоба деректеріне сүйенсек, 92 мыңнан астам әскери қызметкер қаза тапқан. Ал тағы шамамен 90 мыңы хабар-ошарсыз кеткен.

Украина президенті соғыс барысы, майдандағы жағдай, адам шығындары және дипломатиялық келісімдер туралы пікір білдірді. Зеленскийдің айтуынша, Украина жеңілсе тәуелсіздігінен айрылады.

«Егер біз бұл соғыста жеңілсек, еліміздің тәуелсіздігінен айырыламыз», — деді ол.

Зеленский келіссөздер туралы айта отырып, Мәскеудің ұстанымын «ультиматум» деп қатты сынға алды. Оның сөзінше, бейбіт тұрғындарға жасалып жатқан шабуылдар Украинаны мәжбүрлі «ымыраға» итермелеуді көздейді. Алайда мұндай әрекеттер келісімге келу мүмкіндігін одан әрі алыстатады.

Украина басшысы Француздардың Le Monde газетіне берген сұхбатында АҚШ-тың келіссөздегі рөліне ерекше тоқталды.

«Путин еуропалықтардан қорықпайды, ол тек Трамптан қорқады», — деді ол.

Бұл сұхбаттар соғыс қимылдары мен дипломатиялық істердің белсенді түрде жалғасып жатқан тұсында жарияланды. Украина билігі Абу-Дабиде Ресей және АҚШ делегацияларымен өткен келіссөздерді «мазмұнды әрі нәтижелі» деп атады.

Фото: Украина Президентінің ресми сайты

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *