Олимпиада — 2026: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
Астана уақыты бойынша бүгін түнгі 01:00-де шорт-тректен 1000 метр қашықтықта Қазақстан атынан Ольга Тихонова сынға түсті. Іріктеу кезеңінде ол төртінші орын иеленіп, жарысты ширек финалға дейін жеткізе алмады. Осылайша, отандасымыз Олимпиададағы өнерін аяқтады.
Ал күндізгі сессияда қазақстандық спортшылар бірнеше спорт түрінен жарыс жолына шығады.
Сағат 14:00-де тау шаңғысы спортынан әйелдер арасындағы алып слалом басталады. Бұл сында Александра Скороходова ел намысын қорғайды.
14:30-да фристайл-могулдан параллельді могул бойынша ерлер бәсекесі өтеді. Жүлде үшін тартыста Павел Колмаков өнер көрсетеді.
15:15-те биатлоннан ерлер арасындағы 12,5 шақырымдық із кесу жарысы басталады. Қазақстан құрамасынан Владислав Киреев пен Әсет Дүйсенов жарыс жолына шығады.
Күннің қорытынды бәсекесі конькимен жүгіру спортында өтеді. Сағат 21:03-те әйелдер арасындағы 500 метр қашықтықта Кристина Силаева мен Арина Ильященко бақ сынайды.
Осылайша, бүгін қазақстандық жанкүйерлер бірнеше спорт түрінен тартысты бәсекелерді тамашалай алады.













