Жаңа тағайындалған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Конституцияны қатаң сақтауға және Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді.

Қазақстан халқы мен президенті алдында өз Отаным – Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін, — дейді Ертаев.

Еске салайық, 2026 жылғы 27 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып Асқарбек Маратұлы Ертаев тағайындалды.

Ол бұған дейін вице-министр және министрліктің Көші-қон комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. Бұрынғы министр Светлана Жақыпова қызметінен босатылды.

Фото: Үкімет

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *