Өзбекстан президенті педофилдерді өмір бойына бас бостандығынан айыру ұсынысын қолдады
Шавкат Мирзиёевке 2026 жылға арналған реформа бағдарламалары мен «Өзбекстан – 2030» стратегиясын іске асыру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама таныстырылды.
Құжаттар жаңа тәсілмен әзірленіп, нақты нәтижеге бағытталған KPI жүйесі енгізіледі. Бағдарламалар экономиканы жаңғырту, инфрақұрылымды дамыту, экологиялық тепе-теңдік пен мемлекеттік басқаруды жетілдіруді қамтиды.
Алайда қоғам назарын ерекше аудартқан бастамалардың бірі — педофилия үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын енгізу. Бұл ұсыныс қоғамдық талқылау барысында қолдау тауып, мемлекеттік бағдарламаға енгізілген маңызды өзгерістердің бірі болды.
Жоба кең қоғамдық талқылаудан өткен: 5 млн-нан астам адам танысып, 22 мыңнан аса ұсыныс берілген. Олардың бір бөлігі заңнаманы күшейтуге және әлеуметтік қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.
Фото: ашық дереккөз












