Берік Шолпанқұлов лауазымын босатты.

«Мемлекет басшысының өкімімен Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасы орынбасары лауазымынан босатылды», деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.

Берік Шолпанқұлов 1976 жылы 4 наурызда туған. Еңбек жолын 1996 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылық комитетінде Кассалық қаражат және мемлекеттік борыш басқармасы қолма-қол ақшаны басқару бөлімінің қазынашысы лауазымынан бастаған.

2021 жылдың 5 сәуірінен бастап бүгінге дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.

Фото: Ақорда

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *