Екпе алмаған оқушылар мектепке кіргізілмейді
Қазақстанда білім беру ұйымдарында қызылша тіркелген жағдайда вакцина алмаған балалар уақытша сабаққа қатыстырылмайды. Мұндай шешім елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері — Сархат Бейсенова шығарған қаулыда көрсетілген.
Құжатқа сәйкес, балабақшалардағы топтарда екпе алған балалардың үлесі кемінде 90% болуы тиіс. Сонымен бірге қызылша белгілері байқалған балалар мен қызметкерлер оқу процесіне жіберілмейді.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәліметіне қарағанда, науқастардың 77,6%-ы — вакцина алмаған балалар. Оның ішінде:
-
екпеден бас тартқандар — 1448,
-
медициналық қарсы көрсетілімі барлар — 325,
-
жасына байланысты екпе алмағандар — 778.
Айта кетейік, биыл елімізде қызылша жұқтырудың 3 мыңнан астам дерегі тіркелген.

Фото: Ашық дереккөз











