Туысын жұмысқа алса қызметтен кетеді: Садыр Жапаров мемлекеттік қызметкерлердің міндетін қатаңдатты
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Ынтымак Ордо» резиденциясында республикалық кеңес өткізді. Ол елдің ең шалғай ауылдарындағы басшыларға дейін барлық мемлекеттік қызметшілер 2030 жылға дейінгі стратегияда белгіленген міндеттерді жүзеге асыру үшін жұмыс істеуі тиіс екенін айтты.
Президент әрбір мемлекеттік орган мен әрбір басшының жалғыз міндеті — халыққа қызмет ету екенін қайта еске салды.
«Саяси амбициялар мемлекеттік орган міндеттерімен араласып кетуі елдің дамуына кедергі жасап, институттардың әлсіреуіне әкелді. Шешімдер халық үшін емес, жекелеген топтардың мүддесі үшін қабылданды. Соның салдарынан ел ондаған жыл бойы бір орнында қалып қойды», — деді мемлекет басшысы.
Ол қазіргі таңда мемлекеттік қызметкерлердің қателік жасауға, тіпті саяси интригаларға араласуға құқығы жоқ екенін баса айтты. Президент әркімге өз тірлігімен айналысуды міндеттеді.
Сонымен қатар, президент мемлекеттік орган басшыларынан туыстарын жұмысқа алмауды талап етті. Туысын алған жағдай да өзі қызметтен кетеді.
Фото: ашық дереккөз












