Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
Осы жылдың 1 ақпандағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 20 518 005 адамға жетті.
Ведомствоның мәліметінше, қалалық жерлерде 13 106 358 адам, ауылдық жерлерде 7 411 647 адам тұрады.
«Жыл басынан бері халық саны 18,1 мың адамға өскен. Оның 15,8 мыңы табиғи өсім, 2,3 мыңы – көші-қонның оң сальдосы есебінен арты», делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, елімізде халық саны 20 миллионға 2023 жылдың қарашасында жеткен.
Фото: Ақнұр Тұяқбай












