Ұлттық статистика бюросы Қазақстан қай елдерден көбірек гүл импорттайтынын мәлімдеді.

Былтыр Қазақстан 77,6 млн АҚШ доллары көлемінде 10 954 тонна гүл мен гүл бүршігін импорттаған. Ал 2024 жылы импорт көлемі бұдан 1,4 мың тоннаға артық болған.

«Гүлдердің негізгі жеткізушісі – Эквадор. Жалпы импортталған гүл көлемінің 41,9% немесе 4 586 тоннасы осы елден жеткізілген», деп хабарлады ұлттық статистика бюросы.

Сондай-ақ Қытайдан  2 678 тонна, Нидерландтан — 1 702 тонна, Колумбия — 778 тонна, Кениядан — 739 тонна гүл жеткізілген.

Өткен жылы гүлдер әлемнің 45 елінен әкелінген.

Фото: ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *