Ирандық дрондар Әзербайжанның Нахчыван әуежайына шабуыл жасады
Әзербайжанның Нахчыван әуежайына Иран дрондары шабуыл жасады. Қазір Әзербайжан билігі осы оқиға бойынша Ираннан түсініктеме талап етті.
Әзербайжан билігі шабуыл салдарынан 2 адам зардап шеккенін мәлімдеді.
«5 наурыз күні түске таман Иран аумағынан Нахчыван автономиялық республикасына дрон шабуылы жасалды. Дронның бірі Нахчыван әуежайы терминалы ғимаратына соғылса, екіншісі Шекарабад ауылындағы мектеп жанына құлаған. Шабуыл салдарынан әуежай ғимараты зақымданып, екі бейбіт тұрғын зардап шекті», деп хабарлады Әзербайжан СІМ.
Ведомство Иранның әрекетін халықаралық құқық бұзу деп атап, алдағы уақытта осындай оқиғалардың алдын алу үшін түсініктеме беруді және шаралар қабылдауды талап етті. Әзербайжан жауап беру құқығын өзіне қалдырады, ал Иранның Бакудегі елшісі наразылық нотасын тапсыру үшін СІМ-ге шақырылды.
Фото: бейнеден кадр












