2025 жылы Сыр елінен шыққан «Қазақ аруы» қалыңдық атанды
«Қазақ аруы-2024» байқауының жеңімпазы атанған Ақкербез Ысқаққызына сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қуанышты жаңалықты блогер әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
“Миллион рет иә! Шексіз бақыттымын”, – деп жазды ол.
Желі қолданушылары блогер мен оның сүйіктісін жарыса құттықтап, ізгі тілектерін жаудырып жатыр.
Айта кетейік, блогердің сүйіктісі – Әкежан Айтбеков есімді спортшы.
Еске салайық, Қызылорда облысының тумасы Ақкербез Ысқаққызы – «Қазақ аруы-2024» байқауының жеңімпазы. Оған тәж және арнайы шапан тағылды. Дауыс берушілердің 30,04%-ы Ақкербезге дауыс берген. Алайда желі қолданушылары арасынан байқау әділетсіз өтті деп санағандар табылған еді.
Ал былтыр Алматыда өткен «Қазақ аруы – 2025» ұлттық сұлулық байқауында Талдықорған қаласының атынан қатысқан Дәрия Қуатжан жеңімпаз атанған.
Фото: instagram.com/aqkerbezm/












