Қызылордада рухани-ағартушылық кездесулер өтті
2026 жылғы 8–11 сәуір күндері Қызылордадағы Жалағаш ауданында Нұралы Бақытұлы қатысуымен бірқатар рухани-ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған кездесулер аудандық қоғамдық даму бөлімі мен «Асыл мұра-Орда» қоғамдық қорының бірлесуімен өтті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Іс-шаралар аясында Таң, Мәдениет ауылдары және Жалағаш кентінің тұрғындарымен, сондай-ақ спорт, мәдениет, білім салаларының мамандарымен кездесулер өткізілді. Кездесулер барысында қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайту, жастар тәрбиесі, дінді дұрыс түсіндіру, теріс ағымдардың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар, аудан имамдарына арналған арнайы семинар ұйымдастырылып, онда діни сауаттылықты арттыру, уағыз айту әдебі және заманауи діни мәселелер төңірегінде пайдалы ақпараттар берілді.

Аталған іс-шаралар тұрғындардың рухани танымын кеңейтіп, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға бағытталды.
Фото: «Асыл мұра-Орда» қоғамдық қоры












